USD
USD
USD

Елден қашқандарды экстрадициялау оңай болмай тұр

«Еуропалық Кеңестің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тобы (GRECO) жеке істерге немесе жеке тұлғаларға қатысты мәселелерді қарастырмайды», – деді ГРЕКО атқарушы хатшысы Джанлуко Эспозито. Бұл

Елден қашқандарды экстрадициялау оңай болмай тұр
Фото: NEGE.kz

жөнінде ҚазТАГ агенттігі хабарлайды.

Алматы, NEGE. ГРЕКО-ның атқарушы хатшысы Джанлуко Эспозито бұл мәселе турасында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің басшысы Алик Шпекпаевпен кездесулерінен кейін өткізген баспасөз мәслихатында айтқан.

«Егер Қазақстан ГРЕКО-ның конвенциясына қосылса, саяси баспана қазақстандық кәсіпкерлерге, шенеуніктер мен белсенділерге көмектеседі ме?» – деген тілші сұрағына Эспозито мырза ГРЕКО-ның Конвенциясын ратификациялаудың болашақта халықаралық іздеуде жүрген күдіктілерді ұстап беруді жеңілдететінін, әсіресе, сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзғаны үшін тергелген адамдарға қатысты Конвенцияға қосылу мақсатында ГРЕКО-ға мүшелікке өтудің маңызды рөл атқаратындығын айтқан.

Еске сала кетсек, 9 қаңтарда Қазақстан мемлекеті екінші әрекеттен соң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Еуропа Кеңесінің Мемлекеттер тобына (ГРЕКО) мүшелікке қабылданған болатын. Сол күні Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов «GRECO-ға қосылу Әбілязов, Рысқалиев, Храпуновты ұстап беру мүмкіндігін арттыратынын» айтқан еді.

ГРЕКО – АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Швеция, Норвегия және т.б. секілді әлемнің 49 мемлекеті мүшелік ететін халықаралық ұйым.

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель