USD
USD
USD

Елдегі терроризмге қарсы операциялар ресми Telegram-каналда жарияланып отырады

Қазақстандағы терроризмге қарсы операциялар туралы ресми ақпарат таратын Telegram-канал ашылды.

Елдегі терроризмге қарсы операциялар ресми Telegram-каналда жарияланып отырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Telegram желісіндегі жаңа арна «Алматы трагедиясы» атауымен ашылған. Бұл арнада Қазақстанның барлық өңіріндегі лаңкестікке қарсы операциялар туралы ақпараттар жарияланатын болады. Осы уақытқа дейін мұнда жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі жедел желі нөмірлері, бұзақылар мен ұрылардың ұсталуы, жаңа тағайындаулар, соңғы статистикалық деректер мен инфографикалар, фейк ақпараттарды теріске шығару түсіндірмелері ұсынылған. Әзірге Telegram-каналда 5 мыңнан астам жазылушы бар.

Еске сала кетсек, қаңтар айының басында Жааөзенде сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы наразылық акциялар бірнеше өңірдегі жаппай тәртіпсіздіктерге, тіпті террористік шабуылдарға ұласқан еді. Мемлекет басшысы 5 қаңтар күні Қазақстанның барлық аймағында төтенше жағдай режимін жариялады. Әзірге республика бойынша жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 7 939 адам ұсталды. 10 қаңтар елде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат