USD
USD
USD

Елдегі онкология орталықтарында обырдың алдын алуға арналған ашық есік күні өтеді

 26 наурыз күні Қазақстанның өңірлік онкологиялық ұйымдарында колоректальды қатерлі ісіктің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күні өтеді.

Елдегі онкология орталықтарында обырдың алдын алуға арналған ашық есік күні өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы 26 наурыз сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстанның онкологиялық мекемелерінде колоректалдық қатерлі ісік (тоқ ішек обыры) бойынша онкологтарды тегін қабылдау жүргізеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда онкологиялық аурулар құрылымында колоректальды қатерлі ісік 3-орында (үлес салмағы 9,1%, 3 294 жаңа жағдай) тұр. Жыл сайын колоректальды қатерлі ісіктің 3 мыңнан астам жағдай тіркеледі. Және осы сырқаттан 1500-ге жуық науқас қайтыс болады. ДДҰ болжамы бойынша 2030 жылға қарай колоректальды қатерлі ісік ауруының жаңа жағдайларының 77%-ға және колоректальды қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандардың саны 80%-ға артуы мүмкін. Айта кетейік, 50-ден 70 жасқа дейінгі қазақстандықтар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша орналасқан емханалардан колоректальды қатерлі ісікке қарсы скринингтен өте алады.

Қазір оқып жатыр

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

алаяқтық