USD
USD
USD

Елдегі бас травматолог қайтыс болды

Қазақстанның бас травматологы Нұрлан Бәтпенов қайтыс болды. Бұл туралы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі растады.

Елдегі бас травматолог қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Нұрлан Бәтпенов 71 жасында көз жұмған. 

«Бүгін, 2020 жылдың 15 шілдесінде, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА академигі (Ұлттық ғылым академиясы - авт. еск.), Травматология және ортопедия ҒЗИ директоры, Қазақстандық травматологтар мен ортопедтер қауымдастығының президенті, профессор Бәтпенов Нұрлан Жұмағұлұлы қайтыс болғанын хабарлаймыз», – делінген институт хабарламасында.

Профессордың неден көз жұмғаны хабарланбады. 

Нұрлан Бәтпенов 1949 жылы Ақмола облысы Балкашино ауылында дүниеге келген. Целиноград мемлекеттік медицина институтында оқыған. Еңбек жолын Целиноград қаласындағы облыстық клиникалық аурухананың травматология және ортопедия бөлімшесінде дәрігер ретінде бастаған.

Түрлі жылдары Целиноград мемлекеттік медицина институты травматология және ортопедия кафедрасының ассистенті, Ақмола медициналық академиясының экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры, реконструктив травматология, ортопедия кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2001 жылдан бастап Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры болған. 

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана