USD
USD
USD

Эльдар Толғанбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды

Үкімет Қаулысымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.

Эльдар Толғанбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Д. А. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы мәслихат аппаратының бас маманы болып бастаған.

2005-2006 жылдары — Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің маманы.

2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында қызмет еткен.

2008-2012 жылдары — бас кеңесші; ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының жедел ақпарат секторының меңгерушісі.

2012-2016 жылдары — ҚР Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары.

2016-2019 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі.

2019 жылы жеке құрылымында жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары — «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2020-2022 жылдары — «Almaty телерадиокомпаниясы» АҚ бас директорының бірінші орынбасары.

2022 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасының екінші кезеңіне өтінім қабылдауды бастады

Отбасы банк

Маңғыстауда темір жол өткеліне шығып кеткен жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

Тепловоз бен жүк көлігі

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza