USD
USD
USD

Елбасының Ельцинге сыйлаған қылышы сатылды

«12-орындық» он-лайн аукционында Борис Ельциннің қылышы сатылды. Оны 1992 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің тәуелсіздік күнінде сыйға тартса керек.

Елбасының Ельцинге сыйлаған қылышы сатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы жазған «Комсомолская Правда» газеті әңгіменің басын «Ресейдің алғашқы президенті нашар қаруланбаған секілді» деп бастайды. Басылымның мәліметіне қарағанда, қылыштың ұзындығы 1001 мм, алтын мен жезден жасалған ілмектері бар күлгін матамен қапталған. Ағаш қораптың ішіне: «Ресей Президенті Борис Николаевич Ельцинге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан. 06.06.12 ж.» деген жазуы бар металл тақтайша салыныпты.

Ельциннің қылышымен «қаруланған» бақытты адам оны 190 мың рубльге сатып алған. Алайда аукцион шарты бойынша оның кім екені айтылмайды.

Сонымен қатар, осы аукционда Тифлис пен Дағыстанда 19 ғасырдың ортасында жасалған алтын-күміс жалатылған кремнийлі мылтықтар жиынтығы да саудаға түскен екен. Бастапқы бағасы 1,2 миллион рубль деп бағаланған бұл дүниелердің құны екі есе көтеріліп, 2,4 миллион рубльге сатылыпты.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады

Ит

Перизат Қайраттың түрмеде немен айналысатыны белгілі болды

Перизат Қайрат

Үш миллиардты бөлейік. ЦентрКредит басшылығының мотивациясы НЕГЕ керемет болды?

БЦК

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі айтылды

өрт