USD
USD
USD

Елбасының аты қойылған қыздар бар

Қазақстанда Елбасының 18 076 аттасы бар. Оның ішінде 1617-сі Нұр-Сұлтанда тұрады.

Елбасының аты қойылған қыздар бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық экономика министрлігі, Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылы 41 шақалақ Нұрсұлтан деп аталыпты. Бұл – 2015 жылмен салыстырғанда бес есе аз. Себебі 2015 жылы 205 бүлдіршінге Нұрсұлтан есімі қойылған екен. Бұған Елбасының 2015 жылдың 29 сәуіріндегі инауграциясы себеп болған көрінеді.

2016 жылы 136 балаға ғана Нұрсұлтан аты қойылған. 2017 жылы – 104, 2018 жылы – 67. Ал ел астанасының атауы өзгертілгелі бері Нұрсұлтандардың қатары 28 адамға көбейген.

Қазір әлемде өз балаларына ерекше есім беру немесе қосарланған ат қою жаңа үрдіске айналып барады. Ал ұл балаға да, қыз балаға да келетін есімдер ешқашан ескірмейді. Мысалы ұл балаларда Әйгерім, Салтанат есімдері кездесіп жатса, Арман, Бағдат, Жанат секілді аттар қыз балаларға да қойылады екен. 

Бір қызығы, Қазақстанда қыздарға да Елбасының аты қойылыпты. Республикамызда бес Нұрсұлтан және екі Нұрсұлтана есімді қыз бар.

Ал статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда аты-жөні Нұрсұлтан Назарбаев болып жазылған 56 адам тұрады екен. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy