USD
USD
USD

Елбасы туралы фильм: Назарбаев жиен немересі туралы айтты

​Фильмнің үшінші бөлігінде саясат жайлы сауалдар азырақ. Бұл жолы бұған дейін айтылмаған жеке мәселелер қозғалады

Елбасы туралы фильм: Назарбаев жиен немересі туралы айтты
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. «Хабар» телеарнасында 8 қаңтар 21.45-те Елбасы туралы деректі жобаның жалғасы шығады.

​Фильмнің үшінші бөлігінде саясат жайлы сауалдар азырақ. Бұл жолы бұған дейін айтылмаған жеке мәселелер қозғалады, деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

​​Анонста Назарбаевтың – «тек жастар ғана қартаяды, қарттар қартаймайды» деген әзілін естуге болады. Бұған дейінгі трейлерде Назарбаев жасқа қарамастан, тың болу құпиясын бөлісуге уәде еткен болатын.

«80 жаста өзіңді елудегідей сезінуге болады. Бұл мүлдем бөлек тақырып, айтып бере аламын. Енді маған еш нәрсе жасырудың қажеті жоқ», деген еді Елбасы.

Сондай-ақ, ол жас кезінде ұшқыш немесе теңізші болуды армандағанын айтты. Сөз соңында Назарбаев жиені туралы сөз қозғап, өкінішін жеткізді.

Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы Ұлыбританияда көз жұмды. Оның 30 жасқа толуына небәрі он күн бар болатын. Артында ұлы мен қызы қалды.

Қазір оқып жатыр

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи