USD
USD
USD

Елбасы пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезовамен кездесті

Кездесуде Мария Әуезова Елбасыға қамқорлығы үшін және оның арманын орындап, бионикалық протез алуға көрсеткен қолдауы үшін алғысын айтты, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Елбасы пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезовамен кездесті
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Өз кезегінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті спортшының мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан Эвересті бағындыруға бел буған табандылығы мен өжеттігін атап өтті.

«Кезінде мен де Абай шыңын бағындырдым. Бұл қаншалықты қиын екенін жақсы білемін. Сізге жарайсыз демекпін. Мұндай дүниелер адамдарға шабыт беріп, қанаттандыра түсері сөзсіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кеткен жөн, 2021 жылғы сәуір айында Мария Әуезова альпинистер командасымен бірге Эверест базалық лагеріне (5364 метр) және Кала-Патхар тауына (5640 метр) шықты. Елбасы Эвересті екі аяғының жоқтығына қарамастан бағындырған альпинистің ерлігіне тәнті болып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-сессиясында оған протез алуға көмектесуге уәде берген болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен М.Әуезоваға бионикалық протез алынды және ол мамандардың бақылауымен бейімделу курсынан өтті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан