USD
USD
USD

Елбасы Лукашенкоға хат жолдады

Елбасы Александр Лукашенкоға Беларусь Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.

Елбасы Лукашенкоға хат жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Беларусь халқы Сіздің кандидатураңызға дауыс бере отырып, экономикалық реформалар саясатын жалғастыруды, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруды және Беларусь Республикасының халықаралық беделінің нығая түсуін қолдайтынын тағы бір мәрте растады. Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қазақстан-Беларусь стратегиялық серіктестігін дамытуға қосқан Сіздің жеке үлесіңізді ерекше атап өткім келеді. Бұл ретте Қазақстан Беларусьпен екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да байланыстарды кеңейту және тереңдету ісін жалғастыруды көздеп отыр. Мен сенімге және өзара түсіністікке негізделген достығымызды қадірлеймін әрі оны жоғары бағалаймын. Біздің өткен жылдардағы бірлескен жемісті жұмысымыз әрі қарай да екі ел халықтарының игілігі жолында көптарапты ынтымақтастықты дамыту үшін берік негіз бола алатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны