USD
USD
USD

Елбасы: Қазақстандықтар үшін бұл мейрамның маңызы ерекше

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты.

Елбасы: Қазақстандықтар үшін бұл мейрамның маңызы ерекше
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – адамдарды бейбітшілік пен бірлікке, мейірімділік пен ізгілікке үндейтін жарқын мереке.

Қазақстандықтар үшін бұл мейрамның маңызы ерекше. Ол адамгершілік және рухани құндылықтарды насихаттап, түрлі ұлт пен дін өкілдері арасындағы ауызбірлік пен сыйластықты арттыруға септігін тигізеді.

Айт күндері әрбір адам игі істер жасап, рухани тазаруға, құрбан шалып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға тырысады. Қазіргі таңда Құрбан айт мейрамы жақсылықтың жаршысына айналып, елімізде татулық пен келісімді нығайтуға ұйтқы болып отыр. Алдағы уақытта да солай боларына кәміл сенемін.

Осынау қастерлі мерекеде әрбір шаңыраққа шаттық, тыныштық пен бақ-береке тілеймін! Айт қабыл болсын!

Қазір оқып жатыр

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton