USD
USD
USD

Елбасы екі елді елдестірмек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский арасында кездесу ұйымдастыруға ниетті. Елбасы келіссөз жүргізудің тәуелсіз алаңы ретінде Қазақстанды ұсынып отыр.

Елбасы екі елді елдестірмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Болған нәрсе болды. Сыртқы күштер, сыртқы күштер араласып кетті. Бірінші күннен бастап олардың басын қосуға ұмтылып жүрмін. Мен Зеленский мырзамен кездестім, сөзін тыңдадым. Кеше ғана Владимир Путинмен бұл мәселені шешу төңірегінде сөз қозғадық. Олар Украинаның батысына жүгінеді, Америка, Еуропалық одақ, Нормандық төрттікке жиналуды ұсынады. Меніңше, Ресей мен Украина президенттерінің жеке кездескені қажет. Өйткені, мәселені шешетін – әр тараптар емес, осы екі ел ғана», – Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Зеленский мен Путиннің бірінші кезекте Украинаның шығысындағы мәселені шешуге ерік-жігер көрсетуі тиіс екенін қадап айтты.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт