USD
USD
USD

Елбасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерциясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды elbasy.kz.

Елбасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Дмитрий Медведев Елбасыны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Nur Otan» партиясының айқын жеңіске жетуімен құттықтады. Сондай-ақ ол дауыс беру нәтижелері жалпыұлттық сенімді және партияның елді өркендетуге бағытталған стратегиялық бағдарын қолдайтынын көрсеткенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық және одақтастық қатынастарының рухы мен мазмұнына сай келетін «Nur Otan» мен «Единая Россия» партияларының арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде екеніне тоқталды. Тараптар алдағы уақытта да екі елдің басты партиялары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету және кеңейту жөнінде пікір білдірді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда алтын өндіру көлемі 11%-ға азайды

алтын өндірісі

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы