USD
USD
USD

Елбасы бұған дейін еш жерде айтылмаған сырын ашты

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Штрихи к портрету» фильмінде бұған дейін айтылмаған біраз мәселенің басын ашты.

Елбасы бұған дейін еш жерде айтылмаған сырын ашты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соның ішінде күрделі операция жасалғанын да айтты. «Қазір сіздерге бұған дейін еш жерде айтылмаған сырды ашпақпын, бұл сенсация болмақ. Омыртқама күрделі операция жасаттым. 8 наурыз күні концертте отырғанбыз. Концерт аяқталған соң орнымнан тұрдым, бірақ аяғымды қозғалта алар емеспін. Күзет офицерін қасыма шақыртып, қолынан ұстап алдым. «Адамдар байқап қалмас үшін асықпай жүрейік», – дедім. Міне, солай шығып кеттік. Тексерістен өттім, омыртқам ауырады екен. Операция жасатып, емделдім, қазір бәрі дұрыс. Бала күнімде қызыл командир туралы фильм көрегнім есімде. Ол жарақат алды, ал отряд шабуылға шығуы тиіс еді. Командир жарасын таңып, тонын киді де, атына отырды, себебі ол командирдің отрядтың алдында жүруі керектігін білді.

Президент үшін де дәл солай. Ауру президент мемлекетке жетекші бола алмайды. Сенің осындай жағдайға душар болғаныңа елдің қандай қатысы бар, ол не үшін зардап шегуі керек. Осылай кездесулерге барып, 350 кездесу өткіздік. 2011 жыл болатын», – деді Назарбаев. Елбасы мұны бұған дейін айтпауының себебін де түсіндірді. «Тағы бір күрделі операция жасалды, білікті хирург екен. Бәрін ойдағыдай жасады. Мен бұл туралы ешқашан айтпағанмын, сол үшін де кешірім сұраймын. Жұмыс істеу керек кезде мұны қалай айтасың. Кетуге дайын емес едім, себебі орнымды басатын адамға қатысты мәселе де шешілген жоқ еді.  Міне, қазір екі жылдан асты, бұл шешіміме өкінбеймін», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы