USD
USD
USD

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

Б.Байбек Елбасыға ел өңірлеріне жасаған жұмыс сапарларының қорытындысы, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы мәслихаттардағы фракциясының сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша өткізген отырыстары нәтижесі жайлы баяндады.

«Осы жылы Үкімет мүшелерінің қатысуымен Мәжілістегі біздің фракцияның 3 отырысы өтті. Жұмыс алдын-ала бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сонымен бірге 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы жүзеге асырылуда, қазіргі уақытта іс-шаралардың 20 пайызы атқарылды», – деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ Б.Байбек жуырда өткен «Jastar – Otanga!» халықаралық форумының нәтижелерін баяндап, 15 мемлекет өкілдерінің қатысуымен халықаралық партиялық форум ұйымдастыру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Соңында «Nur Otan» партиясының Төрағасы Орталық аппаратқа және партияның өңірлік филиалдарына Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын өткізуге дайындықты жалғастыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе