USD
USD
USD

Елбасы Әсет Исекешевті қабылдады

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлайды.

Елбасы Әсет Исекешевті қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды.

«Біз Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, онда маңызды мәселелерді талқыладық. Тиісті Стратегияны бекіттік, соның аясында жұмыс атқару қажет. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты онда айқындалған міндеттердің жүзеге асырылу барысын қадағалауға тиіс», – деді Елбасы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев отандық әскери-өнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесіне ерекше назар аударды.

Әсет Исекешев 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарын дайындау барысы туралы баяндады.

Сонымен бірге Аппараттың азаматтардың қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерлерді анықтау, алдын алу мен бейтараптандырудың жүйелі шараларын әзірлеуге бағытталаған жұмысы жайлы айтып берді.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған