USD
USD
USD

Ел теннисшілері Токио Олимпиадасында неге жүлдесіз қалды?

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов еліміз теннисшілерінің Токио Олимпиадасында жүлдесіз қалуына әсер еткен себептің бірін атады.

Ел теннисшілері Токио Олимпиадасында неге жүлдесіз қалды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.«Алдымен, айтарымыз, теннис ойыны кезінде ауа райы өте ыстық болды. Мүмкін бұл ұйымдастырушылардың кемшілігі шығар. Біз теннисшілерден сұрадық, олар күннің шамадан тыс болғанын айтып, ойынды одан әрі жалғастыра алмағандарын айтты. Бізге осылай жауап берді. Басқа елдердің де теннисшілері ойыннан шығып қалды», - деді Елсияр Қанағатов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өз кезегінде ҚР Теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский де өз пікірін алға тартты.

«Иә, расымен, ауа райының қолайсыздығы кері әсерін тигізді. Басқа ел спортшылары да ойыннан шығып жатты. Біздің қыздар жақсы ойын көрсетті деп ойлаймын. Сонымен қатар дәрігерлер де әдеттегіден аз болды. Теннисшілеріміз бар күш жігерін салды», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors