USD
USD
USD

Ел өңірлерінде президент сайлауы өтіп жатыр

Бүгін, 20 қарашада, Қазақстанда президент сайлауы басталды. Осы ретте сайлауға түсіп жатқан бірнеше үміткердің дауыс беріп үлгергенін жазды KAZ.NUR.KZ.

Ел өңірлерінде президент сайлауы өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандықтар алты кандидаттың біріне өз дауысын бере алады. Елімізде сайлау учаскелері сағат таңғы 07:00-ден жұмыс істеп жатыр.

Қарақат Әбден сайлауда дауыс берді. "Елдегі демократиялық қозғалыстарды ескере отырып, зор үміт артамын. Біз әділетті, жаңарған Қазақстанға қол жеткіземіз деген ойдамын", - деді ол.

 Қаракат Әбден кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсынан ұсынылған болатын. Ол бүгін Астананың №135 учаскесінде дауыс берді. Қарақат Әбден учаскеге ата-анасымен бірге келген. Осы уақытқа дейін президенттікке алты кандидаттың үшеуі: Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев және Қарақат Әбден дауыс берді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Астанадағы №198 сайлау учаскесінде дауыс берген.

Сондай-ақ мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де президент сайлауында дауыс беріп үлгерді.

Кандидаттардың ішінде алғашқы болып дауыс берген Жигули Дайрабаев астанадағы сайлау учаскесіне әйелі мен немерелерімен келген.

Кандидат өз сайлау учаскесіне бірінші болып барғандықтан сыйға кітап алды. Ал немересі атасына президенттік сайлауда сәттілік тіледі.

Алғаш болып дауыс бергендер санатында премьер-министр Әлихан Смайылов та бар.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков