USD
USD
USD

Ел ішінде вирус 41 пайызға артты

Қазақстанда коронавирус соңғы 2 аптада 41 пайызға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаят айтты.

Ел ішінде вирус 41 пайызға артты
Фото: NEGE.kz


 

Алматы, NEGE. «Әлемде КВИ-инфекцияның өсуі байқалады. Оның ішінде соңғы аптада Америкада ауру - 100, Еуропада - 65, Оңтүстік Шығыс Азияда - 78, Тынық-Мұхит өңірінде 38 пайызға өсіп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Еуропада соңғы екі аптада 54 елдің ішінде 38 елде ауру өскен. Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 41 пайызға артты»,- деді ол.

Министрдің айтуынша, коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап отыр. Соңғы тәулікте ПТР-тесттің оң нәтижесімен 4 810 жағдай және ПТР-тесттің теріс нәтижесімен 79 жағдай тіркелді. 1 қаңтардан бастап репродуктивті сан 2,4 есе өсті.
 

«Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары және Атырау облысы, «сары» аймақта – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстары. 7 өңір жасыл аймақта орналасқан», - деді Ажар Ғиният.

Қазір оқып жатыр

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей