USD
USD
USD

Ел әскерінің жауынгерлік дайындығы пысықталады

Елімізде әскердің жауынгерлік дайындығы пысықталады. Бақылап тексеру аясында құрамалар мен бөлімдер тұрақты орналасу пункттерінен шығып, жауынгерлік техникамен оқу-жаттығу полигондарына марш жасайды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Ел әскерінің жауынгерлік дайындығы пысықталады
Фото: NEGE.kz

Маңғыстау, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскердің жауынгерлік дайындығын түбегейлі нығайту жөніндегі міндеттерін іске асыру шеңберінде бұл шара биыл жаңа пішінде өткізіліп жатыр.

Бас штабтың жоспарына сәйкес, құрамалар мен әскери бөлімдер оқу дабылымен көтеріледі. Тұрақты орналасу пункттерінен шығып, жауынгерлік техникамен оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін оқу-жаттығу полигондарына марш жасайды.

Әскери техника автокөлік жолдарымен және арнайы жабдықталған лектермен қозғалады. Бірқатар әскери бөлімдер теміржол көлігімен жылжымалы құрам платформаларын пайдалана отырып, белгіленген жерлерге жеткізіледі.

Полигондарда тактикалық, оның ішінде түнгі жағдайда да оқу-жаттығулар мен атыстар өтеді. Әскерлерді бақылаудың бұл түрі әскери бөлімдердің жауынгерлік даярлығын, олардың алыс қашықтыққа жету қабілетін, техника мен қару-жарақтың, жеке құрамның дайындығын, сондай-ақ командирлердің ұрыс кезінде бөлімшелерді басқару қабілетін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

ҚР Қарулы күштеріндегі әскерлерді бақылау тексерісі 4 сәуірде басталды. ҚР Қорғаныс министрлігі ведомствоның ресурстарында жарияланатын ресми ақпараттарға ғана сенуді сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер