6 Ақпан 11:55

Жусан: Сириядан 595 Қазақстан азаматы қайтарылды

Фото:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Жусан» гуманитарлық операциясының төрт кезеңін қорытындылады.

Алматы, NEGE. 2019 жылы ҰҚК-нің ықпалымен Сириядан 595 Қазақстан азаматы қайтарылған. 

Операцияның алғашқы кезеңінде 47 адам, оның ішінде 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала елге оралды. Екінші кезеңінде 231 адам, оның ішінде 16 ер адам, 59 әйел және 156 бала (18 жетім), үшінші кезеңінде 246 адам, оның ішінде 8 ер адам, 67 әйел және 171 бала (9 жетім), төртінші кезеңінде 71 адам, оның ішінде 3 ер адам, 19 әйел және 49 бала (5 жетім) қайтарылды. Жалпы Сириядан оралғандардың саны – 595 азамат (33 ер адам, 156 әйел, 406 бала (32 жетім). 

Барлық әйелдер мен балалар оңалту және бейімдеу курстарынан өтті. Терррористік ұйымдардың әрекетіне қатысқаны үшін 31 ер адам мен 12 әйел сотталып, тағы 14 адам тергеліп жатыр. 

Тегтер: