29 Маусым 11:09

Журналист Қуандық Шамахайұлына қастандық жасалды ма?

Фото:

Бүгін журналист Қуандық Шамахайұлы белгісіз жағдайда өмірден өтті. 

Aлматы, NEGE. Қуандық Шамахайұлының қайтыс болғанын жары Айша Тұрмағанбетова хабарлады. Журналистің өлімі әзірге жұмбақ болып отыр. Өйткені, Қуандық Шамахайұлы қайтыс боларының алдында фейсбук парақшасында күмәнді жазба қалдырған. 

«Астанадағы Бірінші клиникада КВИ 1-палатада емделіп жатырмын. Кешеден бері дəрігерлер ковид тексеріс жасаймыз десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім, сағат 2.00-де Дəрігер мен медик жігіт келіп қағазға қол қойдырды да кетті. Сəлден кейін меджігіт келіп аузыма бір ақ дəрі салды да, су ішкізді. Менен басқасына бермеген. Не зат десем вирустан сақтайды дейді. Қастандық шығар деп күмəндімін. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Əрекеттері күмəнді. Ештеңе түсіндірмейді», – деп жазған фейсбук парақшасында. 

 

Тегтер: