1 Шілде 17:59

Журналист Қырықбай Аллаберген қайтыс болды

Фото:

Талай жыл журналистика саласында еңбек етіп, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған профессор, тарих ғылымдарының докторы Қырықбай Аллаберген қайтыс болды. Бұл жайында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ әлеуметтік желіге жазды. 

Алматы, NEGE. «Қазақ журналистикасы, қазақ білімі мен ғылымы ауыр қазаға ұшырады. Факультетіміздің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, елімізге белгілі журналист, публицист, бірнеше буын журналистердің ұстазы, ағаға құрмет, ініге ізет көрсетіп, көп құрметіне бөленген, жаны жайсаң жақсы жан Қырықбай Аллаберген ағадан айырылып, төбемізден жай түскендей жағдай кешіп отырған жағдайымыз бар. Өткен шақта сөйлеу қандай қиын...

Ағайымыздың отбасына, жары Бақыт Тілеубайқызына, туған- туысқандарына, достары мен әріптестеріне қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Бақұл бол, асыл аға, қадірлі ұстаз! Алла алдыңыздан жарылқасын! Жаныңыз жәннатта шалқысын...»,– деп жазды Қайрат Сақ.

Тегтер: