USD
USD
USD

Журналист Думан Мұхаммедкәрім қайта ұсталды

Полиция журналист Думан Мұхаммедкәрімді қайта ұстады. Бұл туралы 28 мамырда Азаттыққа адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлаған. 

Журналист Думан Мұхаммедкәрім қайта ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – Маған Іле аудандық полиция бөлімінен қайта хабарласып жатыр. Думанды қайта ұстаған. Думан қамауда отырған кезде [YouTube арнасында] бірнеше видео шыққан. Солардың бірінде “митингіге шақырған-мыс”, – деді адвокат.

Оның сөзінше, алдағы уақытта журналистке байланысты сот өтуі тиіс.

"Не дейді?" (ND) арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім бұған дейін "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" бабы бойынша 25 тәулікке екі рет қамалып шыққан. Соңғы рет ол 1 мамыр күнге белгіленген оппозиция митингісі қарсаңында 25 күнге қамалған. Одан екі күн бұрын босап шыққан еді.

Осыған дейін адвокаты Ғалым Нұрпейісов Думан Мұхаммедкәрімнің үстінен 405-бап бойынша ("тыйым салынған ұйымның ісіне араласу") да қылмыстық іс қозғалғанын айтқан. "Журналистің статусы – қорғалуға құқығы бар куәгер" деген еді адвокат. 26 мамырда журналист бұл жөнінде "прокуратура өкілдері келген, мен оларға жауап берген жоқпын, қазір іс тоқтап тұр" деді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты