4 Маусым 18:16

Жұмыссыздық белең ала ма?

Фото:

Бүгінгі таңда жұмыспен қамту тақырыбы өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Неге десеңіздер? Жалпы Төтенше жағдай және карантин енгізілмей тұрған сәтте  Алматы қаласында 1 миллионнан астам адам экономикалық тұрғыдан белсенді болып табылған.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайқов айтты. Оның айтуынша, қазіргі таңда бұлардың 65,8 пайызы кіші және орта бизнес саласында қызмет атқарады. "Наурыз-сәуір айларында қаладағы кәсіпорындардың 80 пайызы жабылып, жұмыссыздық мәселесі бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. ҚР Заңдарында аталып өткендей, Еңбек кодексінің 112 бабына сәйкес, ақысыз еңбек демалысына жіберуге байланысты жұмыс берушілер 42500 теңге төлеулері қажет болып отыр. Осы аталған мәселелерді талқылау және шешу жолдарын қарастыру үшін мемлекет тарапынан «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларында осы секілді жаңа өзгерістер енгізілді", - деді ол.

 

Тегтер: