22 Маусым 19:21

Жұмыс берушілер жәрмеңке өткізді

Фото:

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімшілігі халықты жұмыспен қамту орталығымен жалпы қалалық бос жұмыс орындарының және кәсіптердің жәрмеңкесін өткізді.

Алматы, NEGE. Жәрмеңкені өткізу мақсаты – жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуына және жұмыссыз азаматарға лайықты мамандық таңдауда жәрдемдесу. Барлық жұмысқа орналасуды немесе жұмысын өзгертуді қалайтындар үшін жұмыс орындарын қаланың экономикалық саласының 20 түрлі ұйымдары мен кәсіпорындары ұсынды.

Олардың ішінде – мынадай танымал компаниялар: “Казцинк” АҚ, “Востокподводцентр” ЖШС, “Алтайстрой” ЖШС, “Терезестрой” ЖШС, және т.б.

Жұмыс берушілермен 300-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылады: Кәсіпорындарға бухгалтер, инженер, бағдарламашы, тәрбиелеуші, бастауыш сыныптарының мұғалімі, электргаздәнекерлеуші, электрмонтер, В,С,Д,Е категориясының жүргізушісі, электрмонтер, сатушы, инженер, цех басшысы, бас бухгалтер, кассир, логистика бойынша менеджер, кеден декларанті (мағлұмдаушысы) қажет.

Жәрмеңкеде бірнеше алаңдар жұмыс істеді: іскерлік, кеңестік, білім беру және кәсіби бағдарлау. Жұмыс іздеп, бос жұмыс орындарының және кәсіптердің жәрмеңкесіне шамамен 400 адам қатысты.

Соның ішінде ШҚО Өскемен қалалық пробация қызметі есебінде тұрған бас бостандығынан айыру емес жаза түріне сотталғандарды жәрмеңкеге қатысып жұмысқа жолдама алды.

 

Тегтер: