6 Желтоқсан 13:56

Жолаушылар ПТР сынама тапсырмаған

Фото:

Қазақстанға шетелден келген 348 жолаушы карантинге жатқызылды.

Алматы, NEGE. Қазақстанға шетелден келген 348 жолаушы карантинге жіберілді. Кеше ел аумағына Германия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия сынды 13 мемлекеттің жолаушылар ұшағы келіп қонды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 1700-ден аса жолаушының 1300-інде ғана індет жұқтырмағанын растайтын анықтама болған. Алматы, Елорда және Ақтөбе әуежайларына қонған ұшақ жолаушыларынан дереу сынама алынды. Нәтижесінде олардың денсаулығынан кінәрат табылмады. 

Тегтер: