12 Маусым 13:20

Жол жөндеу жұмыстарының құнын 12,5 миллиард теңгеге асыра бағалаған

Фото:

Қазақстандағы жол жөндеу жұмыстарының құны 12 миллиард теңгеге асыра бағаланған, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE. Жол активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталықтың бас директоры Замир Сағыновтың айтуынша, бұл бағытта 800-ден астам заң бұзушылық анықталған. Республика бойынша автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне 410 тексеру жұмыстары ұйымдастырылып, 800-ден астам заң бұзушылықтар анықталды. "ҚазАвтоЖол" АҚ мен әкімдіктерге тиісті ұсыныстар жіберілді, олардың 80% жойылды. Сапаны тексеру кезінде жолдардағы құрылыс-жөндеу жұмыстарына 860 миллион теңгеден астам сомадағы сапасыз материалдарды пайдалануға жол берілмеді, - деді ол.

Сағынов жобалық кеңсенің іске қосылған сәтінен бастап жалпы құны 135 млрд теңгені құрайтын жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына бағалау жүргізілгенін, оның нәтижесі бойынша 12,5 млрд теңгеге асыра бағалау фактілері анықталып, бұл заң бұзушылықтардың көзі жойылғанын баса айтты.

Тегтер: