23 Қаңтар 10:44
Жоғалған екі оқушы қыз табылды
Алматы облысында жоғалған қыздар Алматыдағы жалдамалы үйден табылды.
Алматы, NEGE. Полицейлер қыздарды өткен түні тауып, оларды ата-аналарымен қауыштырған. «Іздеу шараларының барысында жоғалып кеткендер жеткіншектер Алматыдағы жалдамалы .йлердің бірінен табылған. Екеуі де дін-аман. Олар ата-аналарына тапсырылды. Қыздар такси арқылы Алматыға кетіп қалған. Олардың неліктен үйлерінен кетіп қалғандығы анықталуда. Бұған қоса жоғалып кеткен балаларды іздестіруге көмектескен барлық адамдарға алғысымызды айтамыз», – деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД-нің баспасөз-қызметі.