30 Сәуір 11:36

Жезөкшелердің етін жеген «санитарлар» қай түрмеде отыр?

Фото:

Тоқсаныншы жылдардың соңында Алматыда адамжегіш «санитарлар» пайда болды. Сергей Копай, Евгений Турочкин және Михаил Вершинин тоғыз әйелді айуандықпен өлтіріп, етін жеп қойған.

Төбе шашыңды тік тұрғызатын бұл оқиға туралы Nege.kz порталында «Маньяктар» сериясымен «Жындыхананың адамжегіштері» деп аталатын зерттеу мақала жарияланған.

Маньяктар жезөкше қыздарды алдап үйіне әкеліп, айуандықпен өлтіріп, өлген әйелдерді қорлап, етінен кәуап жасаған, түшпара түйген.

90-жылдары жоғалған қыз-келіншектер. Фото: қылмыстық істен

«...Бірнеше айдан соң каннибалдар тағы да адам етін сағынады. Бұл жолы олар Евгений Турочкиннің танысын таңдайды. Тегі Сливная-Меркулова деген қызды пәтеріне шақырып, естен танғанша арақ ішеді. Сөз арасында үшеуі шекісіп қалып, жаға жыртысады. Алайда артынша татуласып, ұйықтап қалады. Ертеңінде ғана екеуі қыздың арақтан уланып өліп қалғанын көреді. Еті жеуге жарамайды деп шешкен маньяктар оның денесін бөлшектеп, түнде қоқыс жәшіктеріне апарып тастайды». (Мақаладан үзінді).

«24 Хабар» телеарнасы атышулы «Қара бүркіт» түрмесінен арнайы репортаж көрсетті. «Қара бүркітте» ату жазасына кесілгендер, өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар отырады. Бұлардың арасында Владислав Челах, ақтөбелік террористер және алматылық адамжегіш «санитарлар» бар екен.  

Тегтер: