«Жеті рет пышақтап, басынан атқан». Ресей азаматы қалай қаза тапты?

14 қаңтар, 17:47
«Жеті рет пышақтап, басынан атқан». Ресей азаматы қалай қаза тапты?
Фото: mash

Тараздағы бүлікте қаза тапқан ресейлікке қатысты кейбір деректер белгілі болды. Бұл туралы ресейлік БАҚ mash жазды.

Алматы, NEGE. Мария Ким Тараздағы кафелердің бірінде жұмыс істеген. Бүлік басталған кезде қызметкерлер кафе қожайынынан көлік жіберуді сұраған. Алайда ол бас тартыпты. Үш баланың анасы 26 жастағы Мария кафенің есігін жауып алғанымен, бүлікшілер ішке басып кіріп, келіншекке жеті реп пышақ сұққан және басынан атып кеткен.

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі ҚР ІІМ-ге сұрау салып, істі мұқият тергеуді талап етіпті.