24 Маусым 11:12

Жеңгесінің сандығынан ақша ұрлаған

Фото:

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның сандықтағы ақшасын ұрлап кеткен туыс інісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  Шардара АПБ-не жергілікті әйел тұрғын арызданады. Ол өзінің арызында белгісіз адам үйіне заңсыз кіріп, құлыптаулы сандығының ішінде тұрған 620 000 теңге ақшасын ұрлап кеткенін жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында аудандық полицейлер шұғыл оқиға орнына жетті. Тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы барлық қажетті шараларды жүзеге асырды. Тұрғын-үй мен оған жақын аймақтарды мұқият қарап, бейнебақылау камераларын, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде жергілікті тұрғын, бұрын сотты болған, жәбірленушінің туыс қайын інісі ұсталды. Аға тергеуші Дәулет Бийназаров тергеу барысында күдікті, туыстарының барлығы өзінің үйінде жиында жүргенін біліп, 10 үй ары тұратын туысының үйіне білдіртпей барып, терезе арқылы заңсыз кіріп, ақшалары тұратын жерді білетін ол, сыммен сандықтың құлпын ашып, ішіндегі ақшасын жымқырып кеткенін анықтады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Айғақты зат ретінде күдіктінің сарайының ішінен темір жәшік пен төсеніш арасына екі бөлініп жасырылған ақшаны тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Күдікті ұрланған ақшаның тек 2000 теңгесін жаратқаны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданды. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға бағалы заттарыңыз бен ақшаларыңызға барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Терезелеріңізге темір тор орнатып, аулаңызды жарықтандырып, бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді.

Тегтер: