Желтоқсаншы Сәбира Мұхамеджанова ақталды
Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Сәбира Мұхамеджанова 35 жылдан кейін ақталды.
Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облыстық «JELTOQSAN-86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Рамазановтың айтуынша, қаһарман қыз Сәбира Мұхамеджанованың ақталғаны туралы ресми құжат келді.
«Желтоқсан көтерілісіне қатысқан талай қазақ жастары өмірімен қош айтысқан. Солардың бірі – Сәбира Мұхамеджанова еді. 16 жасында қаза болған қайсар қыз осы уақытқа дейін ақталмай келді. Әйтеуір 35 жылдан кейін бұл олқылықтың орны толды. Осы орайда Сәбираның ақталуында «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенбай Сайфолданың еңбегі зор», - деді ол.

Марат Рамазановтың сөзінше, Сәбира Мұхамеджановамен бір топта оқыған 28 қыз бен курстас 8 жігіт те ақталып отыр.
Қазір оқып жатыр
«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді
2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды
Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ