10 Маусым 14:40

Бекшин: Алматыда карантин неге күшейді?

Фото:

Карантин ережелерінің күшейтілуі қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, елімізде төтенше жағдай режимі аяқталып, Алматыда кезең-кезеңмен кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысын қайта бастады. «Карантиндік режимге өткеннен кейін біз инфекцияның одан әрі таралмауы үшін қала тұрғындарынан сақтық шараларының қадағалануын сұрадық. Егер вирус жұқтырғандар саны ары қарай тіркеле беретін болса, біз сақтық шараларын қайта қараймыз және еске салуды жалғастыра береміз», – деді ол.

Сондай-ақ, ол көптеген елде қатаң шаралар қабылданғанын арқасында жағдайдың бірқалыпты бола бастағанын атап өтті. «Біздің тарапымыздан да шаралар қолданылуда. Біз қызметтің барлық бағыты: сауда, тамақтану, білім, өнеркәсіп және құрылыс, мәдениет және спорт бойынша қажетті нұсқаулықтарды жасадық. Біз әкімшіліктің өзі және осы ұйымдарда жұмыс істейтін адамдардың өздерін, отбасы мүшелерін және басқаларды қорғауға мүмкіндік беретін нұсқаулықтар әзірледік», – дейді Жандарбек Бекшин. Айта кетейік, бүгінде Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 2 939-ға жетті, олардың 1 929-ы жазылды, 10 адам қайтыс болды.

Тегтер: