26 Сәуір 18:18

Жазасын өтеп шыққандарды үйіне аман жеткізу шаралары жасалып жатыр

Фото:

Қызылорда облысы ЗК-169/1 мекемесінде жазасын өтеп шыққан Т. есімді ер адамға маршрут қағазы толтырылып, мекеме қызметкерлерінің жіті қадағалануымен Түркістан бақылап өткізу бекетіне жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Республикада төтенше жағдай орнағалы бері, ҚАЖ департаментіне қарасты мекеме қызметкерлерінің жұмысқа деген жауапкершілік міндеті арта түсті. Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесі төтенше жағдай талаптарына сәйкес еңбек етіп келеді. Мекеме аумағында жазасын өтеушілердің, мекеме аумағынан босап шыққаннан кейін тұрғылықты жеріне аман-есен жетуі тиісті органдармен бірлесе отырып жеткізілу міндеті, мекемеме қызметкерлерінің жауапкершілігіне жүктелген. Еліміздегі коронавирустық инфекцияның белең алуына байланысты республика аумағында еркін жүріп-тұруға шектеу қойылған. Осыған орай, ЗК-169/1 мекемесінде жазасын өтеп шыққан Т. есімді ер адамға маршрут қағазы толтырылып, мекеме қызметкерлерінің жіті қадағалануымен Түркістан бақылап өткізу бекетіне дейін ілесе отырып жеткізілді. Ер адам транзит жағдайындағы Алматы облысының тұрғыны. Мекемеден босап шыққан азаматты жеткізу үшін мекеме тарапынан арнайы автокөлік дайындалды. Инфекция жұқтырмаудың алдын алу мақсатында, бұл азаматтың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін, көп реттік бетперде мен антисептикалық заттармен қамтамасыз етілді. Иммунитет күшін сақтап тұру ниетімен жол бойы жейтін ас, суы да берілді. Мекеменің арнайы контигент арасында әлеуметтік – психологиялық тәрбие бөлімінің жасақ басшысы Ардақ Тұрманов босап шыққан адамды межелі жерге дейін жеткізіп, Түркістан бақылап өткізу бекетіндегі алдын ала дайындалған пробация қызметкерінің жауапкершілігіне тапсырды.
 

Тегтер: