USD
USD
USD

Жаркент тұрғыны ағасын сынған компьютер үшін балғамен ұрып өлтірді

Жаркент тұрғыны ағасын балғамен ұрып өлтірді, деп хабарлады Polisia.kz.

Жаркент тұрғыны ағасын сынған компьютер үшін балғамен ұрып өлтірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 21 қараша күні Панфилов ауданының полиция бөлімшесіне жеке тұрғын үйлердің бірінен дене жарақаты бар 30 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келді. Полиция қызметкерлері дереу сол жерге аттанды.

Сол күні полиция бөлімшесіне жәбірленушінің інісі келіп, қылмыс жасағанын мойындады.

21 жастағы ер адамынң айтуынша, ол ата-анасы және екі ағасымен тұрады. Сол күні әкесі мен анасы түнгі кезекшілікке жұмысқа кеткен. Түнде ағасы мас болып келіп оны оятқан. Олардың арасында жанжал туындады. Сол кезде ағасы оның масыл екенін айтып, компьютерін шағып тастаған. Оның ұйықтағанын күткен інісі ол көз жұма сала басынан бірнеше рет балғамен ұрған. Соққы салдарынан ер адам сол жерде көз жұмды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімі «Кісі өлтіру» бойынша іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино

ORDA желілік басылымы 1 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтатпақ

Orda.kz