USD
USD
USD

Жансая Әбдімәлік «Құрмет» орденімен марапатталды

Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Құрмет» орденінің иегерлерін марапаттады.

Жансая Әбдімәлік «Құрмет» орденімен марапатталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ең жас халықаралық гроссмейстер, шахматшы Жансая Әбдімәлік пен белгілі опера әншісі Зарина Алтынбаева «Құрмет« орденімен марапатталды. Белгілі тележүргізушілер, журналистер Зейін Әліпбек пен Вера Захарчукке де «Құрмет« ордені беріледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімінде.

Сондай-ақ, «Құрмет» орденімен Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының директоры Қорлан Құспекова, Көкшетау қаласының көпсалалы ауруханасы неврология бөлімінің меңгерушісі Мақшәріп Мартазанов, Алматы қаласындағы екінші клиникалық ауруханасының бас дәрігері, жоғары білікті нейрохирург Марат Рабандияров марапатталады.

«Олар ең маңызды мамандықтардың – мұғалімдер мен дәрігерлердің жарқын өкілдері. Олар өздерінің кәсібилігімен және жасампаз еңбектерімен гуманитарлық әлеуетті арттырады және ұлт денсаулығын нығайтады», - деді Президент.

Сонымен бірге, «Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледжі» МКҚК жетекшісі Ақнұр Есләмова, Шымкент қаласынан келген еңбек ардагері Баян Жандосова, СҚО қиын жағдайға ұшыраған балаларды қолдау орталығының директоры Елемес Қалиев және Қызылорда облысы Қазақстан суретшілер одағының төрағасы Амангелді Кененбаев Президент қолынан «Парасат» орденін алды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған