Жаңаөзендіктер министрліктің табалдырығында түнесе де, министрлерден жауап жоқ
Маңғыстау облысының «Өзенмұнайгаз» мұнай-газ өндіру компаниясының құбырларын жөндеумен айналысатын "Кезби" мекемесінің бір топ азаматы Елордада он күннен бері жүр. Жергілікті билік пен компания басшылығынан әділдік таппай, олар негізгі 4 талапты Энергетика министрлігі мен Бас прокуратураға жолдаған. Бірақ аталмыш министрліктен жауап болмағаннан кейін ереуілшілдер еңбек министрлігінің алдында түнеген. Еңбек министрлігінің табалдырғына түнеген наразылардың сұрауына әлі де жауап табылмай тұр.
Нұр-Сұлтан, Nege Жаңаөзендік жұмысшылар жалақыны көтеру талабын бұған дейін өз өңірлерінде бірнеше рет көтерген. Бірақ мекеме басшылығы қол астындағы қызметкерлердің талап- тілегін орындамай, тек құрғақ уәде берумен келген.
Фото: nege.kz
Тұрақсыз жұмыс пен мардымсыз жалақыға көңілдері толмаған бір топ адам,19 сәуірде Жаңаөзен қаласында ашық наразылыққа шыққан. «Кезби» мекемесінің 4-ші дәрежелі оператор көмекшісі Нұрсұлтан Нұрымұлының айтуынша, одан нәтиже болмай, жергілікті билік органдары жұмысшылардың мәселесін шеше алмаған. «Өзенмұнайгаз» мұнай өндіру компаниясының серіктесі «Кезби» мекемесінің операторы Нұрсұлтан Нұрымұлы: «Осы он күндік ереуілде, ешбір министр алдымызға келіп тіл қатпады. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында 25 адам бар, кеше министрлік алдына түнедік. Еңбек министрі Тамара Дүйсенова бізбен тілдеспек түгілі, жанымызға келген жоқ. Кеше түнде бір топ көпбалалы аналар ыстық шай әкеліп берді. Басқа құзырлы орган өкілдерінен еш жауап болмады» -дейді.
2019 жылы «Өзенмұнайгаз» компаниясында аустсорсинг схемасы құрылған. Сол схемаға «Өзенмұнайгаз» мен екі қапталынан жекеменшік екі компания кірген. «Өзенмұнайгаз» компаниясы мен оның еншілес компанияларына қарағанда «Кезбидің» жалақысы тым төмен екен. Қазмұнайгаздың берген ақпараты бойынша, барлық мұнайшының жалақысы тең болуы керек.
«Кезби» мекемесінің қызметкерлері 4 талап қойған. Атап айтқанда, 12 сағаттық кесте бойынша айлықты төлеу, ұжымдық шартты орындау, айлық мөлшерді арттыру және "Өзенмұнайгаз" компаниясының, басқа да мекемелердің, "Кезби"компаниясының теңгеріміне енгізу талап етіледі.
«Кезби» жұмысшыларының басты талабы - биыл ақпанда екі күн ереуілдетіп, жалақыларына 30% үстеме қостырған «Өзенмұнайгаз» ірі мұнай компаниясының мұнайшылары тәрізді өздерінің жалақыларына үстеме қосу