USD
USD
USD

Жаңадан төселген асфальт үгітіліп жатыр

Қызылорда облысында төселген асфальт үгітіліп жатыр.

Жаңадан төселген асфальт үгітіліп жатыр
Фото: NEGE.kz

​Алматы, NEGE. Қызылорда облысының Ақжарма елді мекенінде қыстың күні қырауда төселген асфальт үгітіліп жатыр. Ала жаздай асықпаған мердігер желтоқсан айының бел ортасында жол жөндеуді бастапты. Бүгін арнайы зертхана мамандары аязды күні төселген көшелерден бірнеше сынама алды. Тапсырыс беруші Сырдария ауданының әкімдігі жолды қабылдау кезінде осы сынамалар қорытындысы басшылыққа алынатынын алға тартып отыр. Айта кетейік, мердігер 366 миллион теңгеге жалпы ұзындығы 12 шақырымға жуықтайтын 8 көшені орташа жөндеуден өткізуі тиіс болған. Алайда бүгінгі таңда қомақты қаржының шамамен 200 миллион теңгесі ғана игерілген. Ал келісім-шарт мерзімі желтоқсанның 25-не аяқталмақ. Мониторингтік топ өкілдері жол сапасына күмәнмен қарап отыр. 

Облыс бойынша арнайы мониторингтік топ жетекшісі Ләззат Бақтыбаева: "Екі жерден алынды. Біреуі 3,5 сантиметр болса, біреуі 4 сантиметр болып отыр. Негізі техталаптарға сәйкес 5 сантиметрден кем болмауы тиіс. Расы керек, ол жақта ГПС төсеп қойған деп тұр енді. ГПС-тің өзінің де сынамасы алынды. Бірақ құрылғыдан шығарып жатқан уақытта ГПС-тің өзі шашылып жатыр. Яғни бірігіп тұрған жоқ", - деді. 

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян