24 Желтоқсан 11:20

Жаңа жылда Медеу мен Шымбұлақ жұмыс істей ме?

Фото:

"Медеу" және "Шымбұлақ" қысқы демалыс орындары Жаңа жылда өз жұмысын жалғастыра беретін болды. 

Алматы, NEGE.  Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылды.

Белгіленген тестілеу режиміне сәйкес, шектеулерді сақтай отырып, туризм нысандары - "Медеу" спорттық-сауықтыру кешені өзінде бар орындардың қамтылу деңгейін 50% -дан асырмай, ашық аспан астында келушілерінің арасындағы 2 метр алшақтықты міндеттеу арқылы өз жұмысын жалғастырады, бірақ ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады, делінген құжатта.

Тегтер: