2 Қаңтар 09:41

Жаңа жыл қарсаңында қанша сәби өмірге келді?

Фото:

Елімізде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған күні өмірге 363 сәби келді.

Алматы, NEGE.  Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығының хабарлауынша, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған күні елімізде 363 сәби жарық дүние есігін ашты.

«363 сәбидің 185-і – ұл бала болса, 177-і – қыз бала. Сәбилердің өмірге келуі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл облыста 59 сәби дүниеге келген», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 1 қаңтардың сағат 12:00-дегі дерегіне сәйкес елордада 32 бала дүние есігін ашқан.

Тегтер: