30 Желтоқсан 13:57

Жаңа шектеулер енгізілді

Фото:

Австралия билігі Сиднейде жаңажылдық мерекелер қарсаңында жаңа шектеулер енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Енді елдің ең ірі қаласында ғимарат ішінде 5 адамнан артық жиналуға болмайды. Бұрын 30 кісіге дейін бас қосуға болатын. Сондай-ақ интернаттарға сырттан адам кіргізуге тыйым салынды. Қала билігінің мәлімдеуінше, бүгін Сиднейде 18 тұрғын коронавирус жұқтырған. Бұл – осы аптадағы ең жоғары көрсеткіш. Індеттің өршуіне солтүстік жағажайда демалатын адамдардың көбеюі негізгі себеп.

Тегтер: