23 Мамыр 12:37

Жан Ахмадиев Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырма берген Дариға Назарбаева екенін айтты

Фото:

Танымал рэпер Жан Ахмадиев Youtube каналында қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырма берген тұңғыш президенттің қызы Дариға Назарбаева екенін ашық айтты.

Астана, NEGE.  Оның сөзіне қарағанда, бұған нақты дәлелі де бар екен. Мұндай болжамды рэперден бұрын журналист Гүлжан Ерғалиева ELMEDIA ютуб арнасында айтқан болатын.

«2004 жылы бұрынғы ақпарат министрі, оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаев ағамыз «бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарын басып алып, мемлекеттік қазынадан мақсатсыз қаржы алып жатыр» деп айыптап, Дариға Назарбаеваны сотқа берген болатын. Осы процестен кейін көп ұзамай, 2006 жылы Алтынбек ағамызды бәзбіреулер қаланың сыртына апарып, атып тастайды», - дейді Жан Ахмадиев.

Рэпер әр қарай Виктор Храпуновтың сұхбатына сілтеме жасайды. Онда мынадай жайт айтылады.

«Парламенттегі отырыстардың бірінде Алтынбек Сәрсенбаев Дариға Назарбаеваға қарап:

«Мен сенің телеарналарды қалай жекешелендіріп алғаныңды жақсы білемін. Қолымда дәлелім де бар. Жақында бұл құжаттарды елге жария қылмақпын. Сонда маған не істей аласың?». – деді. Дариға орнынан атып тұрып: «Ей, Алтынбек, көп ұзамай сені өлтіретін адам табылып қалар!» - дегені әлі есімде. Аузымыз ашылып қалған еді сол кезде».

Содан кейін Дариға Назарбаевамен етене араласқан Адонис Дербас деген канадалық кәсіпкердің естелігін келтіреді. Дастархан басында Дариға Назарбаева, Рахат Әлиев және басқа да бірнеше адам әңгіме дүкен құрып отырған кезде, Әлиевтің: «Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіру керек!» деген сөзін Адонис Дербас өз құлағымен естіген көрінеді. 

Тегтер: