USD
USD
USD

Жамбыл полициясында Дулыға Ақмолда қонақта болды

Жамбыл полициясында қазақстандық актер Дулыға Ақмолда қонақта болды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл полициясында Дулыға Ақмолда қонақта болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  1 қарашада Жамбыл облысының Полиция департаментінде телеарнада бірнеше бағдарламалардың жүргізушісі, кино және театрдың, көркем және анимациялық фильмдерді дубляждау мен дыбыстаудың танымал қазақстандық актері – Дулыға Ақмолда қонақта болды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы және Қазақстан кинематография Одағы сыйлығының лауреаты, Сарысу ауданының тумасы әрі жерлесімізді Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов қабылдады.

Бас полицей мен актердің кездесуі Полиция департаментінің мұражайында өтті. Қонаққа тәртіп сақшыларының күнделікті өмірі және қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Жамбыл облысының батыр-полицейлері туралы баяндаумен шолу экскурсиясы өткізілді.

Белгілі актердің полиция капитаны Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігіне деген қызығушылығы ерекше болды.

Кездесу соңында Дулыға Ақмолда өзінің шығармашылық жоспарларымен бөлісіп, ықыласы мен алғысын білдіре отырып, құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Атырау МӨЗ

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Полиция қызметкері

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.