19 Маусым 11:11

Жалған шот-фактуралар жасаған қылмыстық топ анықталды

Фото:

Солтүстік Қазақстан облысында жылдар бойы жалған шот-фактуралар жазып, қаражатты заңсыз қолма-қолға айналдырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Алматы, NEGE. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті «STOP-ОБНАЛ» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген. Осы жұмыстың аясында қылмыстық топтың заңсыз әрекеттері анықталып отыр. «Қылмыстық топтың заңсыз әрекетімен олардың контрагенттері алдын-ала есеп бойынша 500 млн теңгеден астам сомада салық төлеуден жалтарған. 2020 жылғы 9 маусымда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары 9,3 миллион теңге сомасындағы заңсыз қолма-қолға айналдырылған ақшаны қайтару кезінде ұсталды. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 262-бабының 1 және 2 б., 216-бабының 3-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада. Тергеу әрекеттері барысында бухгалтерлік құжаттар, цифрлық қолтаңбасы бар флэш-карталар, ҰҚТ басқаратын кәсіпорындардың мөрлері мен мөртабандары, банк карталары және 12 млн теңге сомасындағы қолма-қол ақша тәркіленіп алынды. Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты қылмыстық іс-әрекетке қатысы бар төрт адам 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Тегтер: