22 Қазан 16:49

Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне «Жақсылық» иппотерапиясы ашылды

Фото:

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Олимпиада жеңімпазы, Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровтің туғанына 70 жыл құрметіне «Қапшағай самға» мүгедектер қоғамдық бірлестігіне қарасты «Жақсылық» иппотерапиясы ашылды.

Алматы, NEGE. «Жақсылық» – тірек қимыл аппараты бұзылған азаматтарға және балаларға арналған иппотерапия. Иппотерапия – аутизм, церебральды сал ауруы, артрит, склероз, бассүйек -ми жарақаты, инсульт, жұлынның зақымдануы, мінез-құлық пен психикалық бұзылулар сияқты неврологиялық және басқа да бұзылулары бар науқастарды оңалту үшін қолданылатын емдік шара. Барлық емдік әсерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жылқының арасындағы тікелей байланыс арқылы пайда болады. Бұл процесс тек атқа мінуді қамтиды деп сену қателік. Терапия процесі физикалық әсерге ғана емес, сонымен қатар психоэмоционалды байланысқа да негізделген. Физикалық эффект қолдың, аяқтың және омыртқаның термиялық акупрессуралық массажын жүзеге асырады, сонымен қатар бұрын жасамаған бұлшықеттер жұмыс істейді. Нәтижесінде жаңа әрекеттер пайда болады. Өмірге деген сүйіспеншілік пен позитивті көзқарас пайда болады. Жалпы психоэмоционалды фон жақсарады.

«Қапшағай самға» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Абдулдаев иппотерапияның ашылуына демеу көрсеткен Мұхтар Жұмағұловқа және Елдос Жақсылықұлына, Алматы облыстық мәслихат депутаттарына, ақпараттық қолдау көрсеткен Алматы облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы Ғазиз Аманжолұлына, қала әкімі Нұрлан Құматаевқа алғысын білдірді. Сонымен қатар, Бағдәулет Үстенов өзінің атынан ашылу салтанатымен арнайы құттықтап, бағалы сыйлық сыйлады.

Тегтер: