13 Желтоқсан 11:49

Жабайы үйректерді қайықпен соққан

Фото:

Желіде бірнеше ер адамның Каспийдегі жабайы үйректерді қайықпен куып, үстінен басып өткені түсірілген видео талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы. NEGE. Видеоны Азамат Сәрсенбаев жариялады. Кадрлардан ер адамдардың моторлы қайыққа мініп, жабайы үйректер отарына шабуыл жасағандарын көруге болады. Алдын ала болжам бойынша, қайықта жергілікті балықшылар отырған. Видеода олар шеңбер жасап, құстарға қайта жақындайды. Соңында су бетінде қалқып жатқан, зардап шеккен үйректерді, қанға боялған суды көруге болады. "Міне, осындайларды тауып, қатаң жазалау керек. Олар итбалықтарды ұрып-соғып, итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырған адамдардан да нашар. Оқиға Форт-Шевченко ауданында болуы мүмкін (болжам)", - деп жазған Азамат Сәрсенбаев видео сипаттамасында.

Тегтер: