4 Ақпан 15:04

"Жабайы Арман" түрмеде өзіне қол салмақ болды ма?

Фото:

ІІМ-нің тергеу изоляторында "Жабайы Арман" өзіне қол жұмсап өлмек болған, ол "тамырын кескен" көрінеді. Оны ҰҚК-нің тергеу изоляторына ауыстырып жіберудің бір себебі осы жайт болса керек. Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Ораз Әлімбеков хабарлады.

Алматы. NEGE. "Кейбір мәлімет бойынша, қатты қысымға шыдамаған "Жабайы Арман" қылмыс әлемінің серкесі "Леха Маймышқа" "жала жауып", "Қанды қаңтар" оқиғасында "соның нұсқауымен ойран салғанын" айтыпты. "Жабайы Арманның" дәл осындай куәлік бергені және оның сотқа жетпей өзіне қол жұмсап өліп кеткеніне көп адам мүдделі. Тіпті оны қорғауға алған ақысы қымбат үш адвокат та, полиция да "ертегінің" осылай аяқталғанын қалайтын сияқты", - деп жазады Ораз Әлімбеков.

Журналистің пікірінше, "Жабайы Арманның" тірі куә болып қала беруіне бір ғана адам мүдделі екен. Ол - Путин.

"Жабайы Арманның" "бозғұрттармен" (Сұр қасқырлар) және сәләфилермен байланысы көзге ұрып тұр. "Жабайы Арман" осы жағдайды нақтылап, тәптіштеп куәлік беруі тиіс. Бұл компроматты Путин Қазақстандағы амбициясы асып тасып тұрған бір кланға және Ердоғанға қарсы пайдалану үшін сақтап қояды", - дейді журналист.

Тегтер: