USD
USD
USD

Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты қылмыстық іс қайта қаралады

ҚР Бас прокуратурасы Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты қылмыстық істі қайта қарамақ, деп хабарлайды Чиновник телеграм каналы. 

Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты қылмыстық іс қайта қаралады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2005 жылғы 12 қарашада қайтыс болды. Оның үш жерден оқ тиген өлі денесі өз үйінен табылды. Екі оқ жүрек тұсына, бір оқ басына тиген. Нұрқаділовтың өліміне байланысты ашылған іс «өз-өзіне қол жұмсады» деген тұжырыммен жабылды. Әлі күнге дейін марқұмның қазасына қатысты мән-жай жұмбақ күйінде қалып отыр.

Заманбек Нұрқаділовтың ұлы Қайрат Нұрқаділов әкесінің өліміне қатысты 17 жыл бұрын жабылған істі қайта ашып, «халықтың қолдауымен, шындықтың бетін ашамын», деп мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар