USD
USD
USD

Зайсанда мал қырылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында малдың қырылу себептері анықталуда.

Зайсанда мал қырылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 28 сәуір мен 12 мамыр аралығында Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округінде жаппай мал қырылуда.

Мал иелерінің айтуынша, 12 бас ірі қара және 100 бас ұсақ мал өлген. Қазіргі уақытта мамандар бұның себебін анықтауда. Осы жайлы ШҚО Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин мәлімдеді. 

«Шілікті ауылдық округінде 17 азаматтан 100-ге жуық ірі қара, 110 бас қой-ешкі дертке шалдыққан. Сол жерде ветеринариялық дәрігерлер халықпен бірлесіп, ауру малды емдеуде», – деді ол.

Округ аумағын тексеру барысында 12 бас ірі қара, оның ішінде 7 бұзау, 5 ірі қара, 1 қозының өлекселері табылды. Мамандар 1 қозы мен 1 бұзаудан патологиялық тексеру үшін сынама алған.

«Аталған ауылдық округтегі барлық мал басы қыс мезгілінен көтерем шыққан. 25-28 сәуір аралығында ауа температурасының төмендеп, қар аралас жауын жауды. Осыған байланысты әлсіреген мал қолайсыз ауа-райы салдарынан өліп жатыр. Ауырған малдан патологиялық сынамалар алынып, облыстық зертханаға тапсырылды», – деді ШҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары.

Шілікті ауылдық округінде барлығы 10 жарым мың бас ірі қара, 24 мыңнан астам ұсақ мал, 52 мың жылқы, 150 ит, 2343 құс, 52 мысық тіркелген.

Мал жыл бойы жайылымда ұсталады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер